Ақтауда жағалаудағы кафеден өрт шықты

Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің мамандары мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр

Ақтауда жағалаудағы кафеден өрт шықты
Lada.kz
193

7А шағынаудандағы жағалауда кафе өртенді. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр.

Lada.kz сайтының мәліметінше, Маңғыстау облыстық ТЖД «Айжан» кафесінің өртенуі туралы хабарлама сағат 18:57-де түскенін хабарлады. Өртке II дәрежелі қауіптілік деңгейі берілген. Оқиға орнында өрт сөндіру қызметінің мамандары мен арнайы техника жұмыс істеп жатыр.

Куәгерлер оқиға орнынан фото және видео жіберуде. Сондай-ақ жедел жәрдем көлігінің келгені хабарланды.

Серіктес жаңалықтары