Алматыда нөсер жауын мен су тасқыны қаупі ескертілді

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға ауа райын қадағалап, сақтық шараларын ұстануға кеңес береді

Алматыда нөсер жауын мен су тасқыны қаупі ескертілді
Sputnik/Ертай Сарбасов
352

24-26 наурыз аралығында Алматыда және оның маңында қатты жаңбыр жауып, су тасқыны болуы мүмкін.

Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, толассыз жауын-шашын әсіресе таулы аумақтарда көп мөлшерде түседі деп болжануда. Соның салдарынан өзендердегі су деңгейі көтеріліп, тасқын жүру қаупі бар.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға ауа райын қадағалап, сақтық шараларын ұстануға кеңес береді. Мамандар мүмкіндігінше қауіпті аймақтарға бармауды және тәуекелге жол бермеуді ескертеді.

Серіктес жаңалықтары