Қазақстандық парадзюдошылар Әлем кубогінде үш медаль еншіледі

Сайысқа 19 елден 120 астам спортшы қатысып жатыр.

Қазақстандық парадзюдошылар Әлем кубогінде үш медаль еншіледі
Туризм және спорт министрлігі
Автор
Админ
266

Ақмарал Науатбек пен Альфия Тілекқабыл Тбилисиде өтіп жатқан Әлем кубогінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

24-25 наурызда Грузия Астанасы Тбилисле нашар көретін спортшылар арасында парадзюдодан Әлем чемпионаты өтіп жатыр.

Сайысқа 19 елден 120 астам спортшы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күнінде Ақмарал Науатбек (48 кг) пен Альфия Тілекқабыл (52 кг) алтын медаль, Ғалымжан Смағұлов (81 кг) күміс медаль олжалады.

25 наурызда Ерлен Өтепов (+95 кг), Талғат Әжғалиев (+95 кг), Бағланбек Оңалбек (+95 кг), Абылай Әділбеков (+95 кг) шаршы алаңға шығады.

 

Серіктес жаңалықтары