Лента новостей

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

Азамат Қасым

Бұл қызметке белгілі журналист тағайындалды.

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы болып Азамат Қасым тағайындалды, - деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасымов Азамат Әбілұлы 1985 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы "Алматы ақшамы" газетінде тілші болып бастаған.

2009-2017 жылдары – "Шығыс Ақпарат" ҚМК қарасты Шығыс Қазақстан облыстық "Дидар" газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.

2017-2020 жылдары - республикалық "Егемен Қазақстан" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.

2020-2021 жылдары - "Қазақстан" РТРК" АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының қазақ редакциясының шеф-редакторы.

2021-2022 жылдары - республикалық "Айқын" газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.

2022-2024 жылдары  - "Хабар агенттігі" АҚ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы меншікті тілшісі.

2024-2025 жылдары - Абай облысы әкімінің кеңесшісі.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Просмотров (3015)
ТопДок 1