Сенсация! Денис Махнев алғашқы турда Фабиа‌но Каруа‌наны жеңді

Сенсация! Денис Махнев алғашқы турда Фабиа‌но Каруа‌наны жеңді
Шахмат

Өзбекстанның Самарқан қаласында шахматтың рапид және блиц түрінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz.

Санаулы сәттер бұрын блицтен алғашқы тур ойындары өтті. Ұлттық құрама гроссмейстері Денис Махнев классикалық шахматтан әлем рейтингінде 2-орында тұрған Фабиа‌но Каруа‌наны жеңді. Америкалық ойыншы 2018 жылы әлем чемпионы атағы үшін Магнус Карлсенмен шеберлік байқасқан.

Сондай-ақ ол - 2020 жылы беделді Tata Steel Chess турнирінің жеңімпазы. Денис кеше Қазақстан шахматылары арасынан рапидте үздік нәтиже көрсеткен (8 балл).

Айта кетейік, биылғы чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 1 миллион  доллар. Оның 700 мыңы ерлер арасындағы ашық бәсекеде, қалған 300 мыңы әйелдер арасындағы турнирдің жүлдегерлеріне үлестіріледі.

Шахматшылар 29-30 желтоқсанда блиц түрінен мықтыларды анықтайды.  ФИДЕ-нің YouTube арнасында тікелей эфирде ойындарды әлем чемпионы Вишванатан Ананд пен шахмат журналисі Анастасия Карлович жүргізіп жатыр

. Рапид пен блицтен былтырғы әлем чемпионаты тура осы уақытта Алматы қаласында өтіп, рапидте Динара Садуақасова күміс жүлдегер атанса, блицтен соңғы турда Бибісара Асаубаева алтыннан алқа таққан. Ал ерлер арасында екі сында да Магнус Карлсен қарсылас шақ келтірмеген.