Тоқаев жаңа жылмен құттықтауында спорт туралы айтты

Тоқаев жаңа жылмен құттықтауында спорт туралы айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Ол өз құттықтауында спорт туралы айтуды да ұмытпады, деп хабарлайды BasSport.kz.

Елімізде кәсіби спортпен қатар, бұқаралық спорт қарқынды дамуда. Әсіресе, балалар дене шынықтырумен белсенді айналысатын болды. Сол себепті мемлекет ауылдық және қалалық жерлерде жаңа спорт нысандарын салып жатыр.Сондай-ақ алдағы жылы елімізде Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Спортшыларымыз Жазғы олимпиадаға қатысады. Түптеп келгенде, әр азамат өз саласының нағыз маманы болуы керек. Сонда ғана Отанымыз өсіп-өркендейді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.