Жаңа подкаст! Қонақта "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов

Жүйе жоқ, стадион жоқ, резерв жоқ…

22.03.2024, 03:29

Бір жерімізге қарамай жаттығу жиынын Дубайда, қысқы кубокты Белекте өткіземіз

Жүйе жоқ, стадион жоқ, резерв жоқ…
Қазақстан футбол федерациясы

Мына жақта гректерден ойсырай ұтылғанымыз ештеңе емес. Ана жақта жастарымыз Шотландиядан 4:1 есебімен жеңіліп жатыр. Қазақ балаларына ішкі біріншілікте ойнауға мүмкіндікті шектедік. Есесіне есігімізді легионерлерге айқара ашып тастадық. 

Ұлттық құраманың өзіне ресейлік ойыншыларды әкеліп жатырмыз. Көк паспорттың қадірін кетірдік. Қазақстанды «проходной двор» қылдық. Қаржыны ауаға шаштық. Бір жерімізге қарамай жаттығу жиынын Дубайда, қысқы кубокты Белекте өткіземіз.

Елде жөні тузу футбол алаңы жоқ. Өзбектер тәуелсіздік алғалы бері 10 стадион салғанына күлдік. Қырғыздар киіз үй үлгісіндегі 45 мың орындық арена көтергенін мазақ қып, ішімізден мырс еттік. Хотя әлемдік рейтингте солардан төмен тұрмыз. Қысқасы, бізде намыс жоқ. Сасық кеуде ғана бар. 

Ең өкініштісі, осының барлығын ойлап жатқан адам да жоқ. Кім жауапты? Кім барлық «провалды» өз мойнына алады? Кім қазақ футболын осынша тентіретіп, болашағына балта шапты? Айналып келгенде айтарға сөз де қалмады. Иә, сөз де жоқ. 

Қадір Мырза Әлінің өлеңі бар еді ғой, “Қайсібірін айтайын, қайсібірін…”- деп аяқталатын. Осылай өз-өзімді тоқтатпасам, отандық футболдың проблемаларын жазып тауыса алмаймын-ау…

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам