Жаңа подкаст! "Спарта" КВН командасының мүшесі Бауыржан Омаров қонаққа келді

Бейбіт Шүменовтің ісі немен аяқталды?

20.03.2024, 23:22

Боксшы осынау болған жайтты өзіне қарсы әдейі ұйымдастырылғанын айтып отыр 

Бейбіт Шүменовтің ісі немен аяқталды?
instagram.com/beibutshumenov

Былтыр шілде айында Астанадағы ойын-сауда орталықтарының бірінде ер адамды соққыға жыққан танымал боксшы Бейбіт Шүменовтің ісіне қатысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденов пікір білдірді деп жазады Tengri Sport.

Аталған оқиғадан кейін боксшының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны, алайда оның елден кетіп қалғаны айтылған болатын. Соған байланысты Шүменовке халықаралық іздеу де жарияланған.

«Ол іздеуде. Маған сеніңіз, біз оны ұстап елге әкелу үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатырмыз. Жақын уақытта нәтиже шығаруға тырысамыз», - деді министр тілшілермен болған әңгіме барысында.

Бұған дейін ІІМ хабарлағандай, Бейбіт Шүменовке қатысты «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалған. Ал, оның ісіне қатысты полицейлер қызметінен босатылған.

Боксшының өзі болса мұны алдын ала әдейі ұйымдастырылған жағдай деп бағалады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам