Жаңа шығарылым! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

«Ол сау болса мен оның пікірін құрметтер едім» – Сауль Альварес Майк Тайсонға жауап берді

20.03.2024, 23:59

Мексикалық боксшы 4 мамырда келесі жекпе-жегін өткізеді

«Ол сау болса мен оның пікірін құрметтер едім» – Сауль Альварес Майк Тайсонға жауап берді
Getty Images

Жуырда ғана әйгілі Майк Тайсон мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альваресті қатаң сынаған болатын. Супер орта салмақтағы абсолютті чемпион америкалық боксшылармен жұдырықтасудан бас тартқаннан кейін, Тайсон оны «қорқақ» деп айыптады.

«Бұл Мексика боксы үшін сүйекке түскен таңба», - деп мәлімдеген еді «темір» Тайсон.

Альварестің жауабы көп күттірген жоқ. Ол ардагер боксшының маскүнем екенін ишаралады.

«Егер ол сау болса, менің оның пікіріне құрметпен қарайтын едім», - деді мексикалық боксшы. Оның осынау пікірін журналист Майкл Бенсон өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Айта кетейік, Сауль Альварес супер орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Давид Бенавидеспен (28-0, 24 KO) жұдырықастудан бас тартып, оның орнына отандасы Хайме Мунгияны (43-0, 34 КО) таңдады. Қос чемпион арасындағы бокс кеші 4 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам