Жаңа подкаст! Қонақта "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов

Қамшыбек Қоңқабаев Бакудегі турнирде Ресей боксшысынан жеңілді

24.03.2024, 20:46

Егер жеңсе ол өзбек Баходир Жалоловпен жартылай финалда кездесер еді

Қамшыбек Қоңқабаев Бакудегі турнирде Ресей боксшысынан жеңілді
Қазақстан бокс федерациясы

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қамшыбек Қоңқабаев Бакудегі турнирді сәтсіз аяқтады. Бірінші жекпе-жегін ширек финалдан бастаған жерлесіміз Ресей боксшысы Рамазан Карнукаевтан жеңіліп қалды.

Осылайша қазақ жанкүйерлерінің басты үміттерінің бірі елге медальсыз қайтады. Егер Қамшыбек жартылай финалға шыққанда ол өзбектің әйгілі боксшысы Баходир Жалоловпен кездесер еді.

Айта кетейік, Бакуде өтіп жатқан «Ұлы Жібек жол» турнирінде бүгін алты боксшымыз жарыс жолына шығып олардың төртеуі жеңілді. Тек 48 келіде Теміртас Жүсіпов пен 92 келідегі Сағындық Тоғамбай бірінші кездесулерін жеңіспен бастады.

Еске сала кетейік, қамшыбек Қоңқабаев биыл Парижде болатын жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғайды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам