Жаңа подкаст! Қонақта "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов

63,5 келіде Олимпиада жолдамасы берілетін жарысқа Қазақстаннан қай боксшы қатысады?

28.03.2024, 07:04

Лицензиялық турнир Тайландта өтеді

63,5 келіде Олимпиада жолдамасы берілетін жарысқа Қазақстаннан қай боксшы қатысады?
Қазақстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлері 63,5 келіде Олимпиада жолдамасы үшін өтетін турнирге қатысатын боксшыны арнайы түрде анықтайтын болды.

Астанада 8-10 сәуір аралығында аталған салмақта Таиландта өтетін лицензиялық турнирге баратын боксшы спаринг арқылы анықталмақ. Оған үміткер ретінде 6 боксшы таңдалып отыр.

Оның ішінде бұған дейін лицензия беретін турнирде бақ сынаған Мұхамедсабыр Базарбайұлы, Ертуған Зейнуллинов те бар. Сондай-ақ, 67 келіде әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған Дулат Бекбауов, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Серік Теміржанов, жастар арасында Азия чемпионы Төрехан Сабырхан және Жандос Қыдыралиев таңдалып отыр. Алтаудың арасында үздік шыққан боксшы Бангкокте өтетін турнирге баратын болады.

Бұған дейін ұлттық құрама боксшылары Италияда өткен лицензиялық турнирде 5 жолдама иеленді. Олардың қатарында Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов, Айбек және Нұрбек Оралбайар бар.

Ал аса ауыр салмақта өнер көрсететін Қамшыбек Қоңқабаев былтыр Қытайда өткен Азия Ойындарында Париж Олимпиадасының жолдамасына ие болған еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам