Жаңа подкаст! "Спарта" КВН командасының мүшесі Бауыржан Омаров қонаққа келді

«Екеуінің де болашағы жоқ»: танымал бапкер Мұздыман мен Лукасқа қатысты пікірін айтты

15.04.2024, 16:43
«Екеуінің де болашағы жоқ»: танымал бапкер Мұздыман мен Лукасқа қатысты пікірін айтты
instagram.com/angelina_lukas1997/

Бокстан Қазақстанға еңбегі сіңген жаттықтырушы Жұмабек Өмірзақов кәсіпқой бокста жүрген қыздар Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукасқа қатысты өз ойын айтты.

Еске салайық, өткен аптада астанада өткен спаррингтік турнирде Балауса Мұздыман Жайна Шекербековадан ұтылып, Олимпиада жолдамасы сарапқа салынатын турнирге бару мүмкіндігінен айрылды. Ал, Ангелина Лукас Тайландта кезекті жекпе-жегін өткізуге дайындалып жатыр. Өзінің айтуынша, ол әлем чемпионы титулы үшін 25 сәуірде үнді боксшысымен рингке шығады.

Жұмабек Өмірзақовтың пікірінше, екі қыздың да кәсіпқой бокста болашағы бұлыңғыр.

«Балауса Мұздыман мен Ангелина Лукастың әуесқой бокста да, кәсіпқой бокста да болашағы жарқын деп айта алмаймын. Олардың қарсыластарының кім екенін қараңыз! Әсіресе Лукасты қараңыз! Бұған дейін қайдағы бір «үй бикесімен» төбелесіп жеңді де, енді дәл сондай біреуін тағы тауып алды. Әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтаспақшы. Қандай әлем чемпионы, оны қайдан тауып алған? Түсініксіз. Өткенде Пәкстанның боксшысымен жекпе-жек өткізді. Пәкстанда қыздар боксы деген атымен жоқ екенін білесіз бе?! Содан кейін әлем чемпионы атағын жеңіп алдым деп қалай ұялмай айтады?! Шынын айту керек, Мұздыман да, Лукас та үлкен нәтижеге қол жеткізеді деп айта алмаймын. Қол жеткізу үшін алдымен әуесқой бокста сен тым құрығанда Қазақстан чемпионы болуың керек. Мейлі, әділетсіз болса да сен өзіңді дәлелдеуің керек сол жақта. Олар болса ешкім танымайтын «ағаштарды» ұрып келіп, өздерін чемпионбыз дейді. Есте болса, Лукасқа дейін Шарипова деген боксшы қыз болды. Ол да әр жаққа барып, әркімді «өлтіріп» келетін. Бірақ, сол ешқандай жетістікке жете алмай кетті», - деді Жұмабек Өмірзақов SPORTARENA.KZ тілшісіне берген сұхбатында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам