Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Мбаппе «Реалға» ауысқан жағдайда қанша табыс табатыны белгілі болды

06.02.2024, 07:55

Әйгілі футболшы жай ғана ауысуға келісім бергені үшін-ақ 100 млн еуро бонус алады

Мбаппе «Реалға» ауысқан жағдайда қанша табыс табатыны белгілі болды
Getty Images

ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппе мадридтік «Реалға» ауысқан жағдайда қанша табыс табатыны белгілі болды деп жазады El Debate басылымы.

Оның испан клубымен жасасатын келісімшарты 6 жылдық мерзімге жоспарланған. Ал, жалақысы бір маусымда 60 миллион еуроны құрайтын болады. Салық ұстауларын алып тастағанда таза 32 миллион еуро қалтасына түседі.

Ал, «Реалға» ауысуға келісім беріп, контракт жасасқаны үшін-ақ оған бонус ретінде тағы 100 миллион еуро берілмек.

Бұдан бөлек, Мбаппе өзінің имидждік құқығының 60 пайызына иелік ететін болады. Әдетте өзге футболшыларда бұл 50 пайыздан аспайтын. Осының арқасында Килиан «Реалға» ауысқан алғашқы жылы кемі 165 миллион еуро табыс табады. Одан кейінгі жылдары мадридтік клуб трофейлерге қол жеткізіп жатса бұл сома өсе бермек.

Айта кетейік, бұған дейін француз футболшысының ПСЖ сапынан кететіні туралы айтылған болатын. Ол келесі маусымда Мадридке көшуді жоспарлап отыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам