Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Ресейден бас тартқан Қазақстан футболшылары Армениямен ойнайтын болды

07.02.2024, 16:40

Екі құрама бір-бірімен жеті рет ойнаған

Ресейден бас тартқан Қазақстан футболшылары Армениямен ойнайтын болды
Қазақстан футбол федерациясы

Қазақстан футбол федерациясы мен Армения футбол федерациясы жолдастық ойын өткізу туралы келісімге келді.

Еліміздің футбол федерациясының мәліметінше, аталған матч 2024 жылдың 7 маусым күні Ереван қаласындағы Вазген Саркисян атындағы Республика стадионында өтеді.

Бұған дейін екі елдің құрамалары жеті рет кездесіп, Армения төрт рет, Қазақстан екі рет жеңіске жеткен болатын. Ал, бір ойын тең аяқталған. 

Айта кететін жайт, ФИФА рейтингінде Армения құрамасы 93-орында тұр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам