Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Криштиану Роналду Instagram-парақшасына бір жарнама үшін шамамен $2 млн алады

08.02.2024, 16:10

Бұл нақты прайс емес

Криштиану Роналду Instagram-парақшасына бір жарнама үшін шамамен $2 млн алады
eurosport.ru

Football’s Finest басылымы футболшылардың Instagram әлеуметтік желісінде жарнамадан қанша ақша табатыны есептеп көрді. Көшті Криштиану Роналду бастап тұр. Екінші орында Лионель Месси болса, үздік үштікті Килиан Мбаппе түйіндеген.

Бір жарнамалық жазбасы үшін ең көп табыс табатын футболшылардың ТОП-10 тізімі мынадай:

1. Криштиану Роналду – 1,54 млн фунт (шамамен 2 млн доллар);

2. Лионель Месси – 1,24 млн фунт;

3. Килиан Мбаппе – 277,2 мың фунт;

4. Букайо Сака – 233,4 мың фунт;

5. Мохамед Салах – 158,2 мың фунт;

6. Винисиус Жуниор – 109,1 мың фунт;

7. Антуан Гризман – 103,6 мың фунт;

8. Эрлинг Холанд – 94,1 мың фунт;

9. Роберт Левандовский – 88,7 мың фунт;

10. Лука Модрич – 84,5 мың фунт.

Айта кету керек, бұл нақты прайс емес. Football’s Finest сарапшылары футболшылар аккаунтындағы жарнамалық жазбаның орташа лүпілін есептеп, бағаны жобалап есептеген.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам