Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қайрат Боранбаев күтпеген мәлімдеме жасады

24.02.2024, 13:29

Биыл ол басқаратын клубтың құрылғанына 70 жыл

Қайрат Боранбаев күтпеген мәлімдеме жасады
Instagram/kairat4

«Қайрат» клубы Бақылаушылар кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Meta-ratings.kz порталына берген сұхбатында команданың биылғы жоспары жайында айтты.

Боранбаевтың сөзінше, «Қайрат» футбол клубы биыл ел чемпионатын жеңіп алу үшін барын салады.

«Биыл біздің клуб 70 жылдық мерейтойын атап өтеді. Біз осы мерекеміз қарсаңында өз жанкүйерлерімізді құттықтап, ардагерлерімізге алғысымызды айтсақ па дейміз. Сондықтан, футболшылар алдына үлкен мақсат қойып отырмыз: біз биыл ел чемпионы болуымыз керек», - деді Боранбаев.

Айта кетейік, былтыр Қайрат Боранбаев мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен сотталып, шартты жазамен түрмеден босап шықты. Осы уақытта «Қайрат» ел чемпионатында небәрі төртінші орын алып, Қазақстан кубогін де иелене алмады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам