Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

WTA рейтингі жаңарды: қазақстандық теннисші қыздар қай орында?

26.02.2024, 11:49

Рейтингтің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалып отыр

WTA рейтингі жаңарды: қазақстандық теннисші қыздар қай орында?
Қазақстан теннис федерациясы

Дүниежүзілік әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) теннисші қыздардың  жеке және жұптық сындағы рейтингін жаңартты. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина төртінші орнын сақтап қалды. Жыл басынан бері ол екі турнирде үздік атанған еді. Ал, еліміздің екінші ракеткасы саналатын Юлия Путинцева болса үш сатыға төмендеп, сексенінші орынға тұрақтады.

Рейтингтің үштігі өзгеріссіз: Ига Швентек (Польша), Арина Соболенко (Беларусь) жіне Кори Гауфф (АҚШ).

Ал, жұптық сында өнер көрсететін теннисшілердің рейтингінде қазақстандық Анна Данилина 47-ден 44-орынға көтерілді. Елена Рыбакина болса 154-тен 517-ге дейін құлдырады. Жерлесіміз соңғы уақытта негізінен жекелей сында өнер көрсетіп жүр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам