Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Тарихи нәтиже: «Байер» 35 ойын жеңіліссіз келеді

08.03.2024, 10:19

Команда Еуропа лигасындағы басты фавориттердің біріне айналды

Тарихи нәтиже: «Байер» 35 ойын жеңіліссіз келеді
Getty Images

Еуропа лигасының 1/8 финалында сырт алаңда Әзірбайжанның «Карабах» командасымен кездескен ливеркузендік «Байер» керемет камбэк жасап, жеңіліссіз серияны жалғастырды.

Ойын Бакудегі «Тофик Бахрамов» стадионында өткен. Бірінші таймда «Карабах» жауапсыз екі гол соғып, жеңіске бір қадам жақын тұрған. Алайда, екінші таймда «Байер» ойынды өз қолына алып, алдымен 79-минутта Флориан Вирц есепті қысқартса, 90+2 минутта Патрик Шик неміс командасын жеңілістен құтқарды. Осылайша матч 2:2 есебімен тең аяқталды.

Қарымта матч 14 наурызда Ливеркузенде өтеді.

«Байер» соңғы 35 ойынның ешбірінде жеңілмей, өз тарихындағы рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр. Сол 35 ойынның 30-да жеңіске жетіп, қалған бесеуінде тек ойнаған.

Хаби Алонсо шәкірттері Германия чемпионатында да көш бастап келеді. Ливеркузендік клуб басты қарсылас саналатын «Бавариядан» он ұпай озып кеткен.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам