Жаңа подкаст! Қонақта "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов

«Достық жеңгенін қалаймын»: әйгілі Евстафий Пехлеванидимен экспресс-сұхбат (ВИДЕО)

20.03.2024, 18:32

Қазақ футболының аңызы қазір тарихи отаны Грекияға оралған

«Достық жеңгенін қалаймын»: әйгілі Евстафий Пехлеванидимен экспресс-сұхбат (ВИДЕО)
Бірінші бол

Жетпісінші-сексенінші жылдары Шымкент пен Алматыда доп тепкен әйгілі футболшы Евстафий Пехлеваниди «Бірінші бол» командасымен сұхбаттасып, Грекия – Қазақстан матчына қатысты өз ойымен бөлісті. 

Этникалық грек КСРО кезінде «Металлург» (Шымкент), «Қайрат» (Алматы) және «Мелиоратор» клубтарында ойнап, КСРО-ның ең үздік сұрмергендерінің бірі болған. Кейін КСРО тарқағаннан кейін ол тарихи отанына қоныс аударды.

Евстафий Алкивиадович Грекия – Қазақстан матчын міндетті түрде көретінін айтты. Алайда, нақты кімге жанкүйер болатынын айтуға қиналды.

«Жігіттер, маған ондай ауыр сұрақ қоймаңдар, мен қалай болғанда да грекпін. Сондықтан бұл ойында достық жеңгенін қалайсын», - деп қысқа қайырды ол.

Сондай-ақ, «Қайраттың» аңызына айналған футболшы алматылық клубтың ойындарын әліге дейін көріп, жаңалықтарын жібермей оқитынын айтты. 70 жылдық мерейтойға шақырса баратынын да жеткізді.

«Биыл мерейтойы екенін білемін. Барғым келеді. Бірақ, мені шақыра ма, ол басқа әңгіме. Қаласа шақырады, өздері көрер», - деді Е.Пехлеваниди сұхбат барысында.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам