Жаңа подкаст! Қонақта "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов

Менің сөзіме құлақ асқанда, мұндай масқара болмас еді – Қуат Хамитов

22.03.2024, 11:52

Ол ұзақ уақыттан бері отандық футболды сынап келеді

Менің сөзіме құлақ асқанда, мұндай масқара болмас еді – Қуат Хамитов
instagram.com/kuat__khamitov

Футболдан Қазақстан құрамасының Грекиядан ойсырай жеңілгені отандық MMA шебері Қуат Хамитовке ауыр тиді. Қазақстан футболын жылдар бойы сынап келген спортшы жеңіліске не себеп болғанын өзінше топшылады.

«Егер соңғы 8 жылдан бері біреу менің айтқан сөзіме құлақ асса бүгінгі масқара болмас еді. Бізді бүкіл әлем алдында өлтірді. Иә, олар бізге мұны мемлекеттің имиджі үшін деп алдап келді, бірақ бұл жай ғана бюджет ақшасын тонау еді. Менің айтқандарымды істесемеңдер, Қазақстан футболының болашағы жоқ», - деді Хамитов өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекиядан 0:5 есебімен жеңілген соң, Еуропа чемпионатына берілетін жолдамадан да қағылды.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам