Жаңа подкаст! "Спарта" КВН командасының мүшесі Бауыржан Омаров қонаққа келді

«Қайраттың» өзбекстандық қорғаушысы «Ақтөбеге» қарсы ойнай алмайтын болды

17.04.2024, 00:23

Ол өз елінің құрамасымен Азия кубогіне қатысады

«Қайраттың» өзбекстандық қорғаушысы «Ақтөбеге» қарсы ойнай алмайтын болды
Қайрат ФК

«Қайраттың» қапталдағы қорғаушысы Иброхимхалил Юлдошев 20 сәуірде «Ақтөбеге» қарсы болатын ойынға қатыса алмайды деп жазады Meta-ratings.kz.

Өзбекстандық легионер бұл уақытта өз елінің олимпиадалық құрамасына шақырту алып отыр. Яғни, жастар арасындағы Азия кубогіне қатысады.

Алғашында алматылық клуб Юлдошевті жібере алмайтынын айтқан соң, Тимур Кападзе (Өзбекстан жастар құрамасының бас бапкері – авт.) оны құрама қатарына қоспаған. Алайда, екі тарап өзара келісімге келіп, «Қайрат» қорғаушыны жіберетін болып шешті.

Жастар арасындағы Азия кубогі қазір Катарда өтіп жатыр және 3 мамырда аяқталады. Жарыс жүлдегерлері Париж Олимпиадасына жолдама алады.

Еске салайық, Юлдошев Қайрат сапына 2024 жылдың қаңтарында қосылды. Алматылық клуб оны Ресейдің «Пари НН» командасынан жалға алған.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам