Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Футболдан Колумбия чемпионатында жанкүйер ойыншының басына пышақ лақтырды (ВИДЕО)

24.04.2024, 09:40

Матч 2:2 есебімен аяқталған

Футболдан Колумбия чемпионатында жанкүйер ойыншының басына пышақ лақтырды (ВИДЕО)
UKR.NET

Футболдан Колумбия чемпионатының кезекті туры аясында «Индепендьенте Медельин» мен «Атлетико Насьональ» командалары кездесіп, оқыс оқиға тіркелді.

Матчтың соңғы минуттарында қонақ команданың ойыншысы Пабло Чепелини бұрыштама добын көтермек болған. Сол сәтте трибунадан оның басына пышақ ұшып келді. Абырой болғанда, футболшы жеңіл жарақатпен құтылды.

«Басым ісіп қалды, ауырып тұр. Бірақ, тігетіндей жарақат емес. Уайымдамаңыздар, футболда мұндайға үйрендім, қалыпты жағдай секілді. Мен пышақтың өзін көрмедім, жерге еңкейгенімде аяқ астында монета тола екен, жагнкүйерлер бос шөлмектер де лақтырып тастапты», - деді Чепелинидің өзі матчтан кейін.

Колумбия полициясы пыақ лақтырған жанкүйерді іздестіріп жатыр. Бейнебақылау камералар арқылы оның кім екені анықталуда.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам