Жаңа подкаст! Қонақта Дастан Оразбеков пен Марат Достаев

«Барыстың» жеңілістер сериясының саны жетеуге жетті

05.02.2024, 02:37

Астаналық команда плей-офф кезеңінен біржола үмітін үзді

«Барыстың» жеңілістер сериясының саны жетеуге жетті
Барыс ХК

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры «Барыс» үшін тағы жеңіліспен аяқталды. Олег Болякин шәкірттері бұл жолы Хабаровсктен келген «Амурға» есе жіберді.

Айта кетейік, бұған дейін астаналық команда соңғы алты ойын қатарынан жеңілген болатын. Турнир кестесінде де тиісінше ең соңғы 12-орында (Шығыс дивизионы) тұр. Ал, «Амур» тоғызыншы сатыда еді.

Матчтың бірінші кезеңінде команда капитаны Роман Старченко «Барысты» алға шығарған. Екінші кезеңде қонақтар есепті теңестірді. Ал, шешуші жиырма минуттықта қос команда бір-бір шайбадан соғып, ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. Овертаймда «Амур» жеңіс голын соғып, маңызды ұпайды еншілеп кетті. Ал, «Барыстың» жеңілістер сериясы жетеуге жетті.

Қос команда 6 ақпанда Астанада тағы өзара ойын өткізеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам