Жаңа подкаст! Қонақта Дастан Оразбеков пен Марат Достаев

«Барыс» жеңілістер сериясын қайта бастады

18.02.2024, 16:30

Астаналық хоккей командасы соңғы екі ойында жеңілді

«Барыс» жеңілістер сериясын қайта бастады
Барыс ХК

Қатарынан 11 матчта жеңіліп, бір ойын ұтқаннан кейін жанкүйерлер «Барыс» «есін жиды» десіп жатқан. Алайда, Олег Болякин шәкірттері соңғы екі ойында тағы жеңіліп қалды.

Хабаровск қаласына қонаққа барған астаналықтар «Амурмен» екі матч қатар өткізген. Бірінші ойында 1:4 есебімен жеңілсе, бүгінгі матчта 1:2 есебі тіркелді.

70 ұпай жинаған «Амур» Шығыс конференциясында сегізінші келеді. Ал, «Барыс» болса 48 ұпаймен ең соңғы 12-орында тұр.

Олег Болякин шәкірттері келесі ойындарды өз айдынында «Автомобилист», «Лада» және «Сібірге» қарсы өткізеді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам