Жаңа конкурс! Видеоны көріп, конкурстың шартымен танысып 5000 теңге ұтып ал!

Қуат Хамиттің Ресейдегі жекпе-жегі кейінге шегерілді

04.04.2024, 18:20

Оның қарсыласының жасы 40-қа таяған

Қуат Хамиттің Ресейдегі жекпе-жегі кейінге шегерілді
instagram.com/kuat__khamitov

Қазақстандық файтер Қуат Хамит мамыр айының 11 күні Ресейде жекпе-жекке шығады. Спортшы Екатеринбургте өтетін RCC 19 турнирінде ресейлік Александр Шлеменкомен шеберлік байқаспақ.

Бұл туралы аталған лиганың баспасөз мәслихатында айтылды деп жазады Sports.kz.

Аталған жекпе-жек алғашында 4 мамырға белгіленген болатын. Алайда, кейін оның уақытына өзгеріс енгізілді. 

39 жастағы Александр Шлеменко соңғы жекпе-жегін 15 желтоқсанда Екатеринбургте өткізіп, серб спортшысы Александр Иличті нокаутпен жеңген болатын. Қазіргі уақытта орыс спортшының қоржынында 64 рет жеңіс болса, 15 рет есе жіберген. Тағы бір сында қарсыласымен тең түссе, бір жекпе-жегі өтпей қалды. 

36 жастағы Қуат Хамиттің еншісінде 24 жеңіс, 8 жеңіліс пен 1 тең нәтиже бар.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам