Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Арман Царукян бразилиялық әйгілі файтер Чарльз Оливейраны жеңді

14.04.2024, 09:02

Жекпе-жек нокаутсыз аяқталды

Арман Царукян бразилиялық әйгілі файтер Чарльз Оливейраны жеңді
Чемпионат

АҚШ-тың Парадайс қаласында өтіп жатқан UFC 300 турнирінде ресейлік Арман Царукян бразилиялық Чарльз Оливейраны жеңді.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін болды. Алғашқы раундта қос файтер де басымдық танытпағанымен, екінші және үшінші кезеңде ресейлік спортшы белсенді болды. Нәтижесінде, төрешілер жеңісті Царукянға берді.

Айта кетейік, Чарльз Оливейра соңғы жекпе-жегін ирандық Бенеил Дариушпен өткізіп, оны нокаутпен жеңген болатын. Бір қызығы, Царукян да соңғы рет октагонға дәл осы Дариушпен шығып, ол да нокаутпен жеңіске жеткен.

Оливейраның еншісінде 34 жеңіс, 10 жеңіліс бар. Царукянда – 22 жеңіс, 3 жеңіліс.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам