Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі UFC-де «жыл үздігі» номинациясын жеңіп алды

11.01.2024, 08:00

Жылдың ең үздік файтері Ислам Махачев болды

Шавкат Рахмоновтың жекпе-жегі UFC-де «жыл үздігі» номинациясын жеңіп алды
Getty Images

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов жыл қорытындысы бойынша UFC жариялаған номинациялардың бірін жеңіп алды.

2023 жылдың наурыз айында Шавкаттың америкалық Джефф Нилмен болған жекпе-жегі UFC Eurasia номинациясы бойынша үздік деп танылды.

Еске салайық, аталған кездесуде қазақ файтері қарсыласын үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген болатын.

Шавкат Рахмонов MMA-да барлығы 18 жекпе-жек өткізіп, оның бәрін уақытынан бұрын жеңген (алтауы UFC лигасында). Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Ал, 2023 жылдың қорытындысы бойынша UFC үздіктерін анықтау UFC Fight Pass сервисінде онлайн дауыс беру арқылы жүргізілді. Оның нәтижесі төмендегідей:

Жыл файтері:

Ислам Махачев

Үздік самбишн:

Шавкат Рахмонов – Джефф Нил

Үздік нокаут:

Ислам Махачев – Алекс Волкановский 2

Жыл жаңалығы:

Шон Стрикленд

Жылдың үздік жекпе-жегі:

Ислам Махачев – Алекс Махачев 1

Жыл дебюті:

Икрам Алиаскеров

Жыл апсеті:

Шон Стрикленд – Исраэль Адесанья

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам