Жаңа подкаст! Қонақта "Спарта" КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов

Абиба Әбужақынова Түркия Гранд Слэмінде қола жүлдегер атанды

29.03.2024, 19:21

Жыл басынан бері ол 4 жарысқа қатысып, бәрінде жүлде алды

Абиба Әбужақынова Түркия Гранд Слэмінде қола жүлдегер атанды
Olympic.kz

Абиба Әбужақынова Антальяда басталған Гранд Слэм турнирін қола медальмен аяқтады.

Отандасымыз бүгінгі сында жартылай финалға дейін жетті. Ол финалға шығар белдесуде жапон дзюдошысы Цунода Натсумиге есе жіберді. Осылайша Абиба қола медаль үшін бейтарап ту астында өнер көрсететін ресейлік дзюдошы Сабина Гилязовмен күресіп, хансокумен жеңіске жетті.

Айта кететін жайт, А.Әбужақынова аталған спортшыдан 4 апта бұрын Ташкент Гранд Слэмінің финалында есе жіберген еді.

Абиба Әбужақынова Португалия, Ресей, АҚШ дюдошыларын ұтты. Енді ол жарыс нәтижесі бойынша 500 ұпай иеленеді. Қазіргі уақытта қазақстандық дзюдошы 48 келіде әлем бойынша 4-ші орын тұр. Отандасымыз жыл басынан бері өзі қатысқан 4-ші жарыстың барлығында жүлдегер атанды.

Бұдан өзге күрескен Қазақстан дзюдошылары іріктеу кезеңдерінде сүрініп, жарыста жүлдесіз қалды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам