Жаңа подкаст! "Спарта" КВН командасының мүшесі Бауыржан Омаров қонаққа келді

Париж Олимпиадасының чемпиондары қанша сыйақы алады?

17.04.2024, 17:25

Ең жоғары сыйақыны Сингапурде береді

Париж Олимпиадасының чемпиондары қанша сыйақы алады?
press.paris2024.org

Париж Олимпиадасында жүлдегер атанған Қазақстан спортшыларына берілетін ақшалай сыйақы бұрынғы көлеміне биыл өзгеріс енбейді.

2024 жылы өтетін төртжылдықтың басты ойындарында чемпион атанған спортшыға 250 000 АҚШ доллары беріледі. Ал күміс жүлдегер – 150 000, қола жүлдегер 75 000 долларға ие болады.

Сондай-ақ, төртінші орынға тұрақтаған спортшыға – 30 000, бесінші орынға – 10 000, алтыншы орынға ілінген спортшыға 5 000 АҚШ доллары табысталады.

Бұдан бөлек, Қазақстан спортшыларының жаттықтырушылары да осы мөлшерде сыйақы алады.

Қазақстан спортшылары 2008 жылы өткен Бейжің Олимпиадасынан бері жоғарыда аталған сомада сыйақы алып келеді. Содан бері жазғы Олимпиада ойындарында 12 спортшы чемпион атанған. Алайда, олардың арасында 6 спортшы допинг дауына ілініп, алтын медальді Халықаралық Олимпиада комитетіне кері қайтарып берді.

Тағы бір айта кететін жайт, Қазақстан спортшыларына төленетін сыйақы көлемі әлем бойынша жоғары болып саналады. Мәселен, дүние жүзінде ең жоғары сыйақы Сингапурде төленеді. Бұл елдің спортшысы Олимпиада чемпионы атанған жағдайда 737 мың АҚШ долларына ие болады. Ал күміс жүлдегер – 369 мың, ал қола медаль иесі 184 мың АҚШ долларын алады.

Тайваньда Олимпиада жеңімпазына – 719 мың АҚШ доллары (күміс 252 мың, қола 180 мың), Гонконг – 644 мың АҚШ доллары (күміс 322, мың, қола 130 мың), Израиль – 640 мың АҚШ доллары (күміс 210 мың, қола 130 мың), Түркия – 380 мың АҚШ доллары (күміс 230 мың, қола 115 мың), Индонезия – 346 мың АҚШ доллары (күміс 138 мың, қола 69 мың), Малайзия – 236 мың, (күміс 71 мың, қола 24 мың), Әзірбайжан – 235 мың (күміс 117, қола 58 мың), Италия – 212 мың (күміс 106, қола 71 мың), Өзбекстан 200 мың (күміс 100 мың, қола 50 мың) АҚШ долларын береді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам