Жаңа подкаст! "Спарта" КВН командасының мүшесі Бауыржан Омаров қонаққа келді

Қазақстан қоржыны тағы бір Олимпиада жолдамасымен толықты

19.04.2024, 09:40

Лицензиялар саны әлі 40-қа жеткен жоқ

Қазақстан қоржыны тағы бір Олимпиада жолдамасымен толықты
https://olympic.kz/kk/article/29959-grebtsy-sergey-emelyanov-i-timur-khaydarov-vyigrali-final-chempionata-azii-i-zavoevali-olimpiyskuyu-litsenziyu

Жапония астанасы Токиода өтіп жатқан каноэ мен байдаркада есуден іріктеу турнирінде қазақстандықтар Олимпиада жолдамасын жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров жұбы екі адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан мәреге бірінші болып жетті. 

Бұл сында тек қана бір квота ойнатылған болатын. Финалда бәрін басып озған Емельянов пен Хайдаров жұбы 01:44.213 уақыт көрсеткішімен үздік деп танылды. 

Осылайша, қазақстандық экипаж Олимпиада лицензиясының иегері атанды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам