Біздің Telegram-ға жазылсаң, ақша ұта аласың! Сыйақы 5000 теңге! 👉

Біз арамза ер адамдардың заманында өмір сүріп жатырмыз – Сабина Алтынбекова

24.04.2024, 17:38

Еліміздің ең сұлу волейболшы қызыер адамдардың әрекетінен шошынып жүргенін айтты

Біз арамза ер адамдардың заманында өмір сүріп жатырмыз – Сабина Алтынбекова
instagram.com/altynbekova_20/

Қазақстандық танымал волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде ер азаматтарға шүйлікті. Оның пікірінше, қазіргі ер адамдардың көбі агрессивті келеді.

Мұндай пікірді волейболшы танымал фотограф Азамат Кенжеғұловтың ісіне байланысты айтқан. Ол Алматы тұрғынын зорлағаны үшін бүгін 5 жылға бас бостандығынан айрылды.

«Біздің елдің ер азаматтарына не болып жатқанын түсіне алар емеспін. Қорғап, мәпелеудің орнына өздеріңізді жануар секілді ұстайсыздар. Қыздар, өздеріңізбен бірге өткір иісті баллон алып жүріңіздер, оны қандай жағдайда және қалай қолдану керектігін оқып алыңыздар. Өз-өзіңізді қорғауға тура келетін жайттар болуы мүмкін, сондықтан дайын болыңыздар. Тағы бір мәселе: тіпті танитын ер азамат ұсынған сусынды да қабыл алмаңыздар. Біз арамза ер адамдардың заманында өмір сүріп жатырмыз!» - деп жазды Алтынбекова Instagram әлеуметтік желісінде.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың ісіне байланысты қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы қызу талқыланып жатыр. Тіпті, отбасылық тирандарға қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге қатысты заң да дереу қабылданды.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам