1 мамырдан бастап Қырғыз Республикасының шекарасынан өткенде ПТР тест талап етпейді
1 мамырдан бастап Қырғыз Республикасының шекарасынан өткенде ПТР тест талап етпейді
Фото: vesti.kg
146
оқылды
Қырғыз шекарасынан өту талабы жеңілдеді. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады, – деп жазады 24.kz. Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2022 жылдың 1 мамырынан бастап теріс нәтижесі бар ПТР тест немесе коронавирусқа қарсы вакцинация сертификаты туралы міндетті талаптың күшін жоюды тапсырды. Ескерер жайт, шетелден Қазақстанға келетіндерден теріс нәтижесі бар ПТР тест немесе коронавирусқа қарсы вакцинация паспорты талап етіледі.