Мамыр айында ауа райы қандай болады?
Мамыр айында ауа райы қандай болады?
410
оқылды
"Қазгидромет" РМК мамыр айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, мамыр айында атмосфералық фронттардың жазғы түріне ауысу процесі жүреді. Сондықтан, мамырда елімізде күн құбылмалы болады. Яғни, ауа температурасы жоғарылап, кейде төміндеуі де мүмкін. Ал түнгі уақытта, тіпті үсік жүруі ықтимал. Сондай-ақ мамырда республиканың солтүстік жартысында, оңтүстік және оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын көбірек жауады деп күтіледі. Метеорологтар мамырдың бірінші күні республиканың басым бөлігінде +20+28°С дейін, оңтүстігінде +33°С-қа дейін жазғы ыстық ауа райы сақталатынын айтады. Кейін Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде жаңбыр, кей уақытта күшті, екпінді жел, дауыл, бұршақ және ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Кейіннен осындай ауа райы еліміздің басқа аудандарында да күтіледі дейді мамандар. Одан бөлек синоптиктер айдың бірінші жартысында циклондар мен антициклондардың ауысуына байланысты ел аумағында ауа райы тұрақсыз болып және ауа температурасының ауытқуы күтілетінін атап өтті.