Тбилисиде Абайға ескерткіш орнатылды
Тбилисиде Абайға ескерткіш орнатылды
307
оқылды
Грузия астанасында Абай Құнанбайұлына ескерткіш орнатылды. Оның ашылу салтанатына Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қатысты. Аталған іс-шара Қазақстан мен Грузия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. – Бұл екі ел арасындағы досты­ғымыздың тағы бір нышаны десе де болады. Абай мұрасы біздің еліміз үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін зор құндылық. 2020 жылы біз ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өттік. Көрсетілген осынау құрмет үшін Грузия үкіметі мен халқына алғыс айтамын, – деді Қайырбек Өскенбаев. Тбилисиге жұмыс сапарымен бар­ған министр Грузияның вице-премьері, экономика және тұрақ­ты даму министрі Леван Давиташвилимен кездесті. Келіссөздер барысында көлік, ақпараттық технологиялар және инновациялар саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективалары сияқты маңызды мәселелер қозғалды. Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, Қазақстан мен Грузия арасындағы сауда қатынастарын ұлғайтуда айтарлықтай әлеует байқалады. Министр бүгінде қазақстандық компаниялар металлургия, мұ­най-химия, тамақ және машина жасау салаларында өңделген тауарларының Грузияға экспортын арттыруға дайын екенін атап өтті. Олардың қатарында фармацевтика мен құры­лыс саласы да бар. Сондай-ақ министр Грузияның қорғаныс министрі Бурчуладзе Джуаншермен кездесіп, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия отырысының жұмысына қатысуды жоспарлап отыр.

Әбілмансұр ЖАСАН