Интернетте қазақ тілін дамытатын контент жасап жүрмін
Интернетте қазақ тілін дамытатын контент жасап жүрмін
301
оқылды
Президент ауқымды өзгерістерге жастардың да белсене қатысқаны абзал деді. Ашығын айтқанда, Қазақстанда әрбір жас азаматқа сүйікті ісімен айналысуға, қызықтырған өнерді меңгеруіне барлық мүмкіндік бар. Жастар мемлекет тарпынан қолдау тауып келеді. Президент жариялаған реформаларды – «жаңа мүмкіндіктер кезеңі» дер едім. Әсіресе жастар үшін маңызы зор. Мәселен, Жастар кадрлық резерві арқылы 350 жас маман мемлекет ісіне араласуға жақсы мүмкіндік алды. Сайлау да жастарға депутат ретінде маңызды қоғамдық мәселелерге атсалысуға мүмкіндік берді. Саяси реформалар елдің тынысын ашты. Бұл өте жауапты іс. Саяси партия ашқысы келетіндер өте көп. Саясатқа ойнап емес, ойлану бару керек. Ең дұрысы – жастар білікті маман болуы керек. Мен өзім қазақ тілін меңгере алдым. Қазақ тілінде сөйлеймін. Домбырамен қазақ тіліндегі әндерді де ойнаймын. Мен сияқтылар көп. Әлеуметтік желіде белсенділік танытып, қазақ тілі мен мәдениетін дамытуға бағытталған контент жүргіземін. Бұл – менің таңдауым! Барлығымыз, әсіресе, жастар Жаңа Қазақстанды дамытуға үлес қосуымыз керек.

Алексей ЛОДОЧНИКОВ, блогер, музыкант