ҚМДБ айт намазының уақытын жариялады
ҚМДБ айт намазының уақытын жариялады
Сурет: Zakon.kz
ҚМДБ Қазақстан өңірлерінде 2 мамыр айт намазы нешеде оқылатынын хабарлады. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында айт намазы таңғы сағат 7-де оқылса, Шымкент қаласында 7.30-ға белгіленген. Өзге ірі қалалар бойынша айт намазының уақытын кестеден көруге болады:
 width=
Айт намазының уақыты. Сурет ҚМДБ сайтынан алынды
"Ғаламдық деңгейде мәртебесі биік діни мереке саналатын Айт – барша мұсылман қауымына ортақ ұлық мейрам. Мұсылмандар оразадан кейін ауыз бекітпейтін ең алғашқы күн. Отыз күн оразада жасаған құлшылық ғибадаттан кейін құлдың бір сәт үзіліс алып, мерекелік көңіл-күйде Алланың сансыз нығметтеріне ой жүгіртетін кезі" делінген ҚМДБ сайтында.