Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы ойнайды. Әлем чемпионатын қайдан көруге болады?
Бүгін хоккейден Қазақстан құрамасы ойнайды. Әлем чемпионатын қайдан көруге болады?
153
оқылды
Бүгін, 14 мамырда хоккейден Қазақстан құрамасы Финляндияда өтетін Әлем чемпионатына қатысады. Vesti.kz сайтының мәліметінше, Қазақстан - Дания матчінің тікелей көрсетілімі Нұр-Сұлтан уақытымен 15:20-да Qazsport телеарнасында басталады. Қазақстан құрамасы А тобында тек Даниямен емес, Канада, Германия, Швейцария, Словакия, Франция және Италиямен бақ сынасады. Бұған дейін Канада Германияны (5:3), ал Словакия Францияны (4:2) жеңген еді. Топтан ширек финалға төрт үздік құрама шығады.