АҚШ-та атыс болып, 10 адам қаза тапты
АҚШ-та атыс болып, 10 адам қаза тапты
139
оқылды
АҚШ-тың Буффало қаласындағы супермаркетте атыс болып, 10 адам көз жұмды, деп хабарлайды "РИА Новости" Buffalo News басылымының мәліметінше, белгісіз ер адам адамдарға оқ атқан. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 3 адамға оқ тиген, екеуінің жағдайы өте ауыр. Полиция оқ атқан ер адамды ұстаған. Алайда NBC телеарнасы құқық қорғау органдарындағы дереккөзіне сілтеме жасап, оқ атқан ер адам қаза тапқандардың арасында болғанын хабарлады. Buffalo News мәліметінше, супермаркетте адамдарға оқ атқан ер адам камуфляж форма, оқ өтпейтін кеудеше кигенін, басында каска, қолында автомат винтовка болған.