Балаларды қорғау күніне жәрдемақы берілетіні рас па? – министрлік жауабы
Балаларды қорғау күніне жәрдемақы берілетіні рас па? – министрлік жауабы
391
оқылды
Ғаламторда бұған дейін кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға бір реттік көмек көрсетіледі деген ақпарат тараған еді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты жауап берді. Олардың айтуынша, балалар мерекесіне орай ешқандай жәрдемақы қарастырылмаған. «1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға «Kaspi gold» мобильді қосымшасындағы әлеуметтік шот арқылы біржолғы жәрдемақы төленетіні туралы мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылып жатқан ақпарат шындыққа жанаспайды» делінген хабарламада.