Матч кезінде стадион шатыры опырылып түсті
Матч кезінде стадион шатыры опырылып түсті
Шымкенттегі «Ордабасы» мен «Ақсу» клубтарының кездесуі кезінде стадион шатыры опырылып түсті. Жағдайға байланысты матч ойын ортасынан тоқтатылды. Әлуметтік желіде оқиғаның видеосы пайда болды. https://www.youtube.com/watch?v=KvmxhW6lgKE&feature=emb_title
 "Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жел жұлып кеткен шатырды бөлшектеу жұмыстарын жүргізуде", – деп мәлімдеді Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі.