Тағы бір генерал-лейтенант қамауға алынды – ҰҚК
Тағы бір генерал-лейтенант қамауға алынды – ҰҚК
Фото: kursiv.kz
10,358
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, Шекара қызметінің бұрынғы басшылары ұсталды. Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстан–Қытай шекара бекеттерінде анықталған билікті асыра пайдалану фактілері бойынша жүргізіп жатқан сотқа дейінгі тергеу шеңберінде бұрынғы ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Д.Ділманов, Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаменті «Нұр Жолы» шекара бақылау бөлімінің бастығы, майор Н.Арысбаев және басқа да адамдар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.