42 градус аптап ыстық болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
42 градус аптап ыстық болады: бірнеше өңірде ескерту жарияланды
2,132
оқылды
"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде ескерту жариялады. Ақтөбе облысының оңтүстігінде 40-41 градус ыстық болады. Күндіз 23 маусымда Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. 23 маусымда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні – 18 м/с болады деп күтіледі. Ақтөбе қаласында 23 маусымда күндіз күн күркірейді. 23 маусымда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с-ға жетеді. Күндіз 23-25 маусымда облыстың басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Жезқазған қаласында күндіз 23-25 маусымда 35-37 градус ыстық болмақ. 23 маусым күні күндіз Атырау облысының шығысында 41 градус ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Атырау қаласында 23 маусым күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-18 м/с. Күндіз ауа температурасы 36-38 градус-қа жетіп, аптап ыстық болады деп болжануда. 23 маусымда Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. 23 маусымда Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. 23 маусымда күндіз Қызылорда облысында 42 градус аптап ыстық болады деп болжануда. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында 23 маусымда күндіз 40 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 23 маусымда Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысын шаңды дауыл басады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында және шығысында – 15-20 м/с, екпіні – 25 м/с. Күндіз облыстың орталығында және шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Талдықорған қаласында 23 маусымда күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады. Қонаев қаласында 23 маусымда күндіз 36 градус қатты ыстық болады деп болжануда. 23 маусымда Маңғыстау облысының солтүстігін, батысын, орталығын шаңды дауыл басады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында – 15-20, екпіні – 25 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градус аптап ыстық күтіледі. Ақтау қаласын күндіз 23 маусымда шаңды дауыл басады. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 23 маусымда Шығыс Қазақстан облысының батысында, орталығында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады. 23 маусымда Қостанай облысының батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 39 градусқа дейін қатты ыстық болады. 23 маусымда түнде Павлодар облысының солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Павлодар қаласында 23 маусымда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.