Алматыда төрт автобус пен бір троллейбустың жүру бағыты өзгереді
Алматыда төрт автобус пен бір троллейбустың жүру бағыты өзгереді
Алматыда 25 маусым мен 10 тамыз аралығында төрт автобус пен бір троллейбустың жүріс бағыты уақытша өзгереді. Бұл туралы «Алматы қаласының көлік холдингі» ЖШС ақпарат таратты.
Қожабеков көшесінде 25 маусым мен 10 тамыз аралығында бірнеше қоғамдық көлік қозғалыс бағытының сызбасы уақытша өзгереді. Аталаған көшеде жылу желілеріндегі құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты жолдың жүру бөлігі жабылады. Қозғалыс бағыты өзгеретін қоғамдық көліктер:
  • №81 – оңтүстік бағытта – Розыбакиев к-сі – «Mega Alma-Ata-2» СОО соңғы пункті. Солтүстік бағытта – «Mega Alma-Ata-2» СОО соңғы нүктесі - Розыбакиев к-сі – Березовский к-сі - Гагарин даңғ. - әрі қарай сызба бойынша;
  • №98 – солтүстік бағытта – Розыбакиев к-сі – Березовский к-сі - Гагарин даңғ. - әрі қарай сызба бойынша;
  • №30 – оңтүстік бағытта - Гагарин даңғ. - Березовский к-сі - Розыбакиев к-сі - әрі қарай сызба бойынша;
  • №31 – оңтүстік бағытта-Гагарин даңғ. - Березовский к-сі - Розыбакиев к-сі - әрі қарай сызба бойынша;
  • №1 троллейбус - оңтүстік бағытта – Розыбакиев к-сі - Березовский к-сі - Гагарин даңғ. – Қожабеков к-сі - Қожабеков көш-ің соңғы нүктесі. Солтүстік бағытта – Қожабеков көш-ің соңғы нүктесі - Розыбакиев к-сі-Березовский к-сі-Гагарин даңғ. - әрі қарай сызба бойынша.