UFC-дегі Рахмонов пен Морозовтың жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
UFC-дегі Рахмонов пен Морозовтың жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
797
оқылды
26 маусым күні таңертең, қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (15-0) UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді. Ол Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC on ESPN 38 турнирінде өнер көрсетеді. Бұл жолғы қарсыласы америкалық жекпе-жек шебері Нил Мэгни (26-8). Бұл кездесуді UFC-дің ресми сайтынан көруге болады. UFC Apex аренасында өтетін шара астана уақыты бойынша 05:00-де басталады. Қазіргі уақытта 12 жекпе-жек жоспарланған. Сергей Морозов төртінші болып бразилиялық Раулиан Пайвамен (21-4) жұдырықтасады. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша шамамен 6:30-да басталады. Шавкат Рахмонов америкалық Нил Мэгнимен (26-8) кездеседі. Олардың жекпе-жегі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00-де басталады.