«Алтын орда» базарында жүк көліктерінен күн сайын 15 мың теңгеден жинап отырғаны анықталды  
«Алтын орда» базарында жүк көліктерінен күн сайын 15 мың теңгеден жинап отырғаны анықталды  
Фото: ratel.kz
1,068
оқылды
Алматыдағы «Алтын орда» базарының сауда нарығына қатысты бәсекелестік заңнаманы сақтауды тексеру нәтижесі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады. Биыл наурыз айында Алматы облысы бойынша монополияға қарсы департаменті «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-ның қызметіне тексеру жүргізген. Тексеру барысында сауда орнын күнделікті жалға алу бағасы жүк көлігінен 15 000 теңге, КамАЗ және MAN автокөліктерінен 7000-8000 теңге, Sprinter автокөлігінен 6000-7000 теңге, ГАЗель автокөлігінен 5000 теңге, жеңіл автокөліктерден 3500 теңге екені анықталды. Тексеру нәтижесінде, «Altyn Orda QazTrade Ltd» ЖШС 100% үлесімен монополист екені, бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны анықталған. Тексеру қорытындысы бойынша 2022 жылдың мамыр айында «Altyn Orda QazTrade LTD» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалды. Материалдар Алматы облысы Қарасай аудандық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.