Шымкентте түрменің бастығы 9 жылға сотталды
Шымкентте түрменің бастығы 9 жылға сотталды
Фото: uralskweek.kz
1,046
оқылды
Шымкенттегі ИЧ 167\3 түзеу мекемесінің бастығы 9 жылға сотталды, – деп хабарлайды AstanaTV. Ел «31-аймақ» атайтын  түзеу мекемесінің экс-басшысы сотталғандардан пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды. Әл-Фараби аудандық соты төрағасының мәліметінше, Жүнісбеков мекеме басшысы бола тұра  сотталған алты адамнан 4 миллион теңге көлемінде пара алған. «Ол ауызбастырықты жазасын өтеушілердің жазасын жеңіл жазаға ауыстыру, мерзімінен бұрын шартты түрде босату немесе оларды жеңіл мекемеге ауыстыру  бойынша алған. Яғни, тездетіп құжаттарды сотқа жіберіп, жағымды мінездеме беріп, көмектесуі үшін сұраған, – дейді сот төрағасы Еркебұлан Төлешов. Жүнісбеков жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов: «Алты көрініс бойынша Жүнісбековтің кінәсі толығымен дәлелденді. Алайда ол кінәсін мойындаған жоқ. Дегенмен алты азаматтың жауабы, басқа да куәгерлердің жауаптарымен сот оның кінәсі дәлелденді деп шешім қабылдады. Жаза бойынша бүкіл жеңілдететін және ауырлататын мән-жайды ескере отырып, сот Жүнісбековке 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деді.