Жамбыл облысында 6 адам тасқын судың ортасында көлік ішінде қалып кеткен
Жамбыл облысында 6 адам тасқын судың ортасында көлік ішінде қалып кеткен
Фото: ТЖМ-нен алынды
659
оқылды
Күні кеше 23 маусымда сағат 20.00-де Жамбыл облысы Қордай ауданы Үлкен Сұлутөр ауылында нөсер жаңбырдан кейін Ырғайты өзені тасыды. Нәтижесінде, ауылдың жолдарын су басты. Сондай-ақ су ағынының салдарынан жеке тұрғын үйлердің 2 шаруашылық құрылысы қирады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, мал шығыны бар. Жергілікті атқарушы органның комиссиясы келген залал мөлшерін анықтап жатыр. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінен 8 қызметкер, 2 бірлік техника, жергілікті атқару органдарынан  5 қызметкер және 2 бірлік техника барған. Сонымен қатар сағат 23.25-те Қордай ауданы Шарбақты ауылынан 4 шақырым жерде Ырғайты өзенінде нөсер жауын-шашынның салдарынан су  деңгейі көтеріліп кеткен. Оның жағасында 11 адам демалып жатқан. Су тасығанда 6 адам дөңес жердегі аралда көлік ішінде қалып қойған. Тасқын су демалушылардың екінші көлігін шайып кеткен. 24 маусымда  сағат 01.15-те ТЖД құтқарушылары аралда қалған барлық адамдарды құтқарды. Оларға медициналық көмек қажет болмады. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.