Демалыс күндері 45 градус ыстық болады
Демалыс күндері 45 градус ыстық болады
Фото: qazaly.kz
«Қазгидрометтің» мәліметінше, 25-27 маусым аралығында елдің оңтүстігінде 45 градусқа дейін ыстық болады. Солтүстік-батыс циклонының әсерінен күн бұлтты болады. Оқтын-оқтын жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Дауыл соғып, бұршақ жауады. Тек қана батыс пен солтүстік-батыс өңірлерінде  скандинавиялық антициклон әсерінен жаңбыр жаумайды. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасы батыста + 25+35°С градус, солтүстікте +25+33°С, орталықта +30+37°С, шығыста +27+37°С, ал оңтүстікте +40+45 градус ыстық болады.