Иттердің балаға шапқаны туралы көрсетілген видео басқа елде түсірілген
Иттердің балаға шапқаны туралы көрсетілген видео басқа елде түсірілген
1,378
оқылды
Әлеуметтік желілерде сыртқы бақылау камерасына түсіп қалған видеомен бөлісуде. Кадрларда Ақтөбеде иесіз иттердің қызға шапқан кезі көрсетілген. Бұл – жалған, – деп хабарлады stopfake.kz сайты.
"Шын мәнінде, бұл ескі ролик және әртүрлі елдердің пайдаланушылары оны біраз уақыттан бері таратып келеді. Мысалы, осы жылдың қаңтарында видеоны Малайзия тұрғындары белсенді түрде таратқан", деп жазды ақпарат көзі.
Видеоның Қазақстанда түсірілмегенін жануарларды қорғаушылар хабарлаған болатын. Inucobo жануарларды қорғау қауымдастығының Instagram парақшасында жарияланған осы видеоның астында оның Қытайда түсірілгені жазылған. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында Ақтөбеде иесіз иттер балаға шапқан. Зардап шеккен қызға шұғыл қажетті медициналық көмек көрсетілді, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Таратылған видеоның бұл оқиғаға қатысы жоқ.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от "INUCOBO" (@inucobo_kz)