Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Қостанай халықаралық әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді
Фото: inform.kz
2,256
оқылды
Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру туралы Үкімет қаулысы шықты. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» заңы мен Үкіметтің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес, «Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді» делінген ресми хабарламада. Бұған дейін Ахмет Байтұрсынұлы мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетінін жазған болатынбыз.